4 қыркүйек күні, «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында, «Оқу орындарындағы ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы (ОҚҚО)» жобасы аясында, «Даналық мектебі» ата-аналардың позитивті тәрбие клубында «Тайынша қаласы №4 орта мектебі» КМҚК-де «Отбасы бақытының негізі – құндылықтар» тақырыбында кезекті сабақ сәтті өтті. Сабақ барысында біз отбасылық құндылықтар әлеміне үңіліп, отбасылық құндылықтар – бұл тек сөз емес, бақытты отбасының негізі екенін талқыладық. Махаббат, құрмет, сенім, қолдау – бұл мықты одақты құрайтын кірпіштер. Тренингтік жаттығулар,